12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ак Барс» Ник Петанға ұсыныс жасағаны белгілі болды

«Ак Барс» Ник Петанға ұсыныс жасағаны белгілі болды

«Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, Қазанның «Ак Барс» клубы Ник Петанға маусымына 50 миллион рубль көлемінде жаңа келісімшарт ұсынған.

Канадалық шабуылшының Қазан клубымен бұрынғы келісімшарты жылына 65 миллион рубльді құраған. Өткен маусымда шабуылшы КХЛ тұрақты чемпионатында 47 ойын өткізіп, 11 гол мен 33 нәтижелі пас беріп, 44 ұпай жинады.

«Ак Барспен» келісімшарты аяқталғаннан кейін Петан Магнитогорскінің «Металлург» клубымен келіссөздер жүргізген, алайда соңында мансабын Швейцарияның «Амбри-Пиотта» клубында жалғастыруға шешім қабылдады.