21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айгерім Сәттібаева 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Айгерім Сәттібаева 15 жылдан кейін Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер басталды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айгерім Сәттібаева жартылай финалда Қызылорда облысының өкілі Ақбота Болатты нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірауызды шешімімен — 5:0 есебімен жеңіске жетті.

«Тұрмысқа шығуыма байланысты 8 жыл үзіліс алған едім. Сол сәттегі боксқа деген сағынышымның арқасында қайтадан жетістіктерге жете бастадым. Араға 15 жыл салып, Қазақстан чемпионатының финалына шықтым. 2010 жылы Қызылордада Жайна Шекербекованы жеңіп, топ жарған едім. Енді сол жетістікті қайталағым келеді», — деді Айгерім Сәттібаева жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, өткен жылы дәл осы салмақ дәрежесінде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алтын медаль иеленген болатын.