21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айдос Сұлтанғали жанкүйерлеріне алғыс айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Айдос Сұлтанғали жанкүйерлеріне алғыс айтты

Грек-рим күресінің үздігі Айдос Сұлтанғали соңғы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс білдірді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Осы жеңіске себепкер болған жандарға алғысым шексіз», — деп жазды Сұлтанғали.

Айдос Сұлтанғали 1996 жылдың 7 ақпанында Қызылордада туған. Оны Виктор Юн мен Ғабиден Райымбек баптайды. Ересектер арасында ол 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионаттарының қола жүлдесін жеңіп алды, ал 2021 жылы Азия чемпионы атанды.

Спортшы грек-рим күресімен 2-сыныптан бері айналысады. Айтуынша, басты мақсаты — Олимпиадада сынға түсіп, ел намысын абыроймен қорғау.

«Шыны керек, осы Олимпиаданы 15 жыл күттім. Қандай қиындық болса да мойымадым. Олимпиадада топ жару — бала кезден келе жатқан арманым. Жанкүйерлер сенімін ақтауға бар күшімді саламын», — деді ол.