24.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айбар Жақсылықов «Елімай» ойыншысы атанды

Айбар Жақсылықов «Елімай» ойыншысы атанды

Қазақстандық шабуылшы Айбар Жақсылықов семейлік «Елімай» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семейлік клуб ресми түрде 28 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Айбар 2024-2025 жылдары «Қайсардың» намысын қорғады. Қызылордалық клубта 51 матч өткізіп, 15 гол соқты.