10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аит-Нури 40 млн еуроға Манчестер Ситиге ауысты

Аит-Нури 40 млн еуроға Манчестер Ситиге ауысты

Ағылшын чемпионы қорғаныс шебін күшейтті — Раян Аит-Нури «Манчестер Ситидің» ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Француз қорғаушы «қалалықтармен» ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды — келісім 2030 жылдың жазына дейін жарамды. 24 жастағы футболшының трансфері үшін «Вулверхэмптон» 40 миллион еуро алады.

Аит-Нури Премьер-лигада бес маусым бойы өнер көрсетіп келеді — осы уақыт ішінде ол 135 матч өткізіп, 11 гол пасын берді, оның жетеуі өткен маусымда тіркелген.