15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді.

65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Әбікеева финалда өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ақтық айқас отандасымыз үшін оңай болған жоқ. Алғашқы екі раундта төрешілер ұпайды қарсыласына берді. Дегенмен, шешуші үшінші раундта Әбікеева тактикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдап, қарсыласының шабуылдарын сәтті қайтарды. Сонымен қатар, Хамидоваға төрешілер ескерту жасап, бір ұпайын шегерді.

Нәтижесінде шешуші сәт жерлесіміздің пайдасына шешіліп, Әбікеева қайсарлық пен табандылықтың арқасында әлем чемпионы атанды.