11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Аида Әбікеева әлем чемпионатын сәтті бастады 

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбікеева дебюттік кездесуінде Қытай чемпионы Шуою Чжаоны айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Аида Әбікеева – қазіргі Азия чемпионы. Ол өткен жылдың желтоқсанында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен құрлықтық чемпионатта алтын медаль жеңіп алған болатын.

Алға, Аида! Жеңісті жол жалғаса берс