06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ахмат» клубының жаңа бапкері белгілі болды

«Ахмат» клубының жаңа бапкері белгілі болды

Станислав Черчесов Ресей Премьер-Лигасына қайта оралып, Грозныйдың «Ахмат» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт-Экспресс» порталына сілтеме жасап.

Чечен астанасының командасы жазғы трансфер кезінде белсенді әрекет етуде. Құрамға Мансилья, Конате, Касинтура, Гаджиев, Келиано және Н’Донг сынды жаңа ойыншылар қосылды. «Спорт-Экспресс» мәліметінше, бұл толық тізім емес – клуб әлі де күшейтілуде. Черчесовтің шақырылуы клубтың тек РПЛ-да қалу емес, одан да жоғары мақсаттарға ұмтылып отырғанын көрсетеді.

Telegram-дағы «Инсайды от Карпа» арнасының хабарлауынша, бапкермен үш жылдық келісімшарт жасалып, жылдық жалақысы 1 300 000 еуроны құрайды.

«Бұл – өте ауқымды жоба. Қыста да ұсыныс болған, бірақ ол кезде Саламыч келіспеген еді. Бұл жолы ол шешім қабылдады, себебі топ-клубтардан ұзақ күтуден шаршады әрі «Ахматтың» амбициясы оны таңғалдырды. Клуб енді төменгі орындармен шектелгісі келмейді, керісінше көшбасшылармен бәсекеге түсуді көздеп отыр», – деп жазады дереккөз.

Сондай-ақ, команда құрамын Черчесовтің талаптарына сай жаңарту көзделген. «Ахмат» ЦСКА-мен Садулаев бойынша келіссөзде өз ұстанымынан таймай, негізгі ойыншысын сақтап қалды. 6 тамызда Станислав Черчесов ресми түрде таныстырылып, сенбі күні «Зенитке» қарсы өтетін матчта командасын алаңға алып шығады деп күтілуде.