Оқу уақыты: 1 мин

Ағылшын шолушысы Дастан Сатпаевтың статистикасына тәнті болды

Ағылшын шолушысы Дастан Сатпаевтың статистикасына тәнті болды

@Blue_Footy атты танымал X-аккаунт иесі — «Челси» жаңалықтарына маманданған ағылшын шолушысы — «Қайрат» футболшысы Дастан Сатпаевтың маусымдағы әсерлі көрсеткіштерін атап өтті.

«Дастан Сатпаев тек екі ойында гол не гол пас бермеді — бұл оның «Қайрат» сапындағы жеті ойынының нәтижесі. Аталған екі кездесуде де ол тек екінші таймда алаңға шыққан. Ал бастапқы құрамда шыққан әр матчта не гол соқты, не нәтижелі пас берді. Бұл — керемет көрсеткіш!», — деп жазды шетелдік сарапшы.

Еске сала кетейік, жас қазақстандықтың «Челсиге» болашақ ауысуы туралы келісім бар — трансфер 2026 жылдың жазында, футболшы кәмелетке толған соң жүзеге асады.