20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ағылшын Премьер-лигасы Чемпиондар лигасында қосымша орын алуы мүмкін

Ағылшын Премьер-лигасы Чемпиондар лигасында қосымша орын алуы мүмкін

UEFA.com мәліметінше, Ағылшын Премьер-лигасы 2025/26 маусымында Чемпиондар лигасына қосымша орын алуға сенімді түрде жақындап келеді. Еуропаның екі чемпионаты турнирге бонустық жолдама алады, қазіргі таңда АПЛ коэффициенттер кестесінде көш бастап тұр.

Жеңіс үшін – «2 ұпай», тең ойын үшін – «1 ұпай» беріледі. Барлық жинаған ұпайлар елді еурокубоктарда өкілдік ететін командалар санына бөлінеді. Биылғы маусымда Чемпиондар лигасындағы жетістіктер үшін қосымша ұпайлар есептеледі, бұл Германия мен Италия үшін тиімді.

Қазір АПЛ-дың жеті клубының алтауы еурокубоктардың 1/8 финалына өтті. Жалғыз шығып қалған – «Манчестер Сити». Ал Италия бірден үш командасымен қоштасты: «Милан», «Аталанта» және «Ювентус».

АПЛ-дегі тартыс күшейіп келеді – үшінші және оныншы орын арасын небәрі 10 ұпай бөліп тұр. Тіпті Чемпиондар лигасына алты орын алу ықтималдығы да бар, егер Еуропа лигасының жеңімпазы үздік бестікке кірмесе. Бұл мүмкіндікке «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» үміткер.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі 21 ақпанда өтеді, артынша Еуропа лигасы мен Конференциялар лигасының жеребе тастау рәсімі өтеді.