11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ағылшын футболының аңызы Джеррард пен Рунидің болашағы туралы пікір білдірді

Goal мәліметі бойынша ағылшын футболының аңыз ойыншысы Алан Ширер Стивен Джеррард пен Уэйн Рунидің бапкерлік қызметке қайта оралатынына сенім білдірді.

Жақында Сауд Арабиясының «Әл-Иттифақ» клубынан кеткен Джеррард бұған дейін «Астон Виллада» жұмыс істеп, «Рейнджерспен» чемпиондық атаққа қол жеткізген. Ал Руни «Плимуттан» шеттетілгеннен кейін «Бирмингем», «Дерби Каунти» және «Ди Си Юнайтедте» бапкерлік тәжірибе жинақтады.

«Мен Джеррардтың Ұлыбританияда бапкерлікке қайта оралатынына үміттенемін. Әрине, оның бұл салада жұмыс істеуі міндетті емес, бірақ мен оны бапкерлік көпірде көргім келеді – дәл Уэйн Руни сияқты. Біреу Джеррардқа мүмкіндік беруі керек. Қазір Фрэнк Лэмпард «Ковентриді» төменгі орындардан плей-офф аймағына дейін көтеріп, табысты жұмыс істеп жатыр», – деді Ширер Betfair-ге берген сұхбатында.

Айта кету керек, Англияның төртінші дивизионында соңғы орында тұрған «Карлайл» клубы Джеррардты бас бапкер қызметіне үміткерлер тізіміне қосқан.