24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ағылшын журналисі Сатпаевтың Чемпиондар лигасындағы ойынына баға берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ағылшын журналисі Сатпаевтың Чемпиондар лигасындағы ойынына баға берді
Британдық TheChelseaChronicle порталының журналисі Джек Друри 16 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың Чемпиондар лигасындағы өнеріне қатысты пікір білдірді.

«Дастан Сатпаевтың әрбір ойынын «Челси» жіті бақылап отыр. Ол «Қайрат» сапында Чемпиондар лигасында және Қазақстан ұлттық құрамасында негізгі құрамда өнер көрсетіп, кәсіби мансабын сәтті бастады. Қазіргі таңда ол халықаралық аренада жарқырап көзге түсіп жүр», — дейді Друри.