01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ағылшын әйелдер футболында трансгендер әйелдерге тыйым салынды

Ағылшын әйелдер футболында трансгендер әйелдерге тыйым салынды

BBC Sport хабарлауынша, Англия футбол қауымдастығы шешім қабылдады — 1 маусымнан бастап әйелдер футболына тек биологиялық әйелдер ғана қатыса алады.

Билли Скай — ФА-да тіркелген 28 трансгендер әйелдің бірі, олар енді әйелдер жарыстарына қатыса алмайды. Жақында ол өзінің London Galaxy командасына жоғары дивизионға көтерілуге көмектесті — енді оған ұжымнан кетуге тура келеді.

«Мен бұл клубқа көп күш салдым. Енді не істеймін — ерлермен ойнаймын ба? Мен онда өзімді қауіпсіз сезінбеймін. Менің барлық командаластарым мені қалдырғысы келеді», — деді Скай.

Есімін жасырын қалдырғысы келген басқа футболшы әйел ФА-ның жаңа саясатын қолдады — оның пікірінше, бұл олар ұзақ уақыт күрескен әйелдер футболының тұтастығын қорғайды.

ФА трансгендер ойыншыларға әйелдер футболында дамудың балама жолдарын — төрешілік немесе жаттықтырушылық жұмысты ұсынды. Билли Скай бұл ұсыныстан бас тартты, оның айтуынша, ең бастысы — алаңдағы ойын.