18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Агенті: Антон Бурдасовтың «Барысқа» оралуы әбден мүмкін, бірақ клуб әзірге трансфер нарығынан тыс

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали

Антон Бурдасовтың агенті Шуми Бабаев шабуылшының «Барыспен» келісімшарты 31 мамырда аяқталғанын және қазіргі таңда елордалық клубпен жаңа келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатпағанын айтты, деп хабарлайды Шайба.

– Біз клубтың жаңа басшылығын күтіп отырмыз. Ол тағайындалмайынша, «Барыспен» ешқандай келіссөз жүргізілмейді. Жаңа менеджмент келген соң, клубтың қай бағытта дамитыны түсінікті болады, – деді Бабаев.

Сонымен қатар, агент тараптардың байланысын үзбегенін және ойыншының Қазақстанда мансабын жалғастыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда бұл мәселеге бюджеттен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын жаңа заң да әсер етіп отыр.

– Біз ҚХЛ-дың өзге клубтарымен де байланыстамыз. Мақсаты биік ұжымдарды қарастырып жатырмыз. Соған қарай шешім қабылдаймыз, – деп қосты Бабаев.