22.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Агент Андре Кюри: «Алтын доп» Беллингемге берілуі керек еді

Агент Андре Кюри: «Алтын доп» Беллингемге берілуі керек еді

Футбол агенті Андре Кюри «Алтын доп» сыйлығының нәтижелерімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды AS.

France Football басылымы ұйымдастыратын беделді марапатты биыл «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алды, ал екінші орын «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниорға бұйырды.

Алайда Кюри бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, Джуд Беллингем басты фаворит болуы тиіс еді деп есептейді:

«Бразилиялық ретінде айта аламын, футбол — бұл құмарлық. Бірақ бұл марапат Беллингемге берілуі керек еді. Ол қорғаныста ойнайтын жартылай қорғаушы болса да, маусымда 28 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Бұл — пропорция жағынан таңғаларлық. Лука Модрич Алтын допты алған кезде, мұндай статистика көрсеткен жоқ», — деді агент.

Кюри сондай-ақ Беллингемнің Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын еске салды. Соған қарамастан, барлық үміткерлердің керемет деңгейін атап өтіп, дауыс беру нәтижесін құрметтеуге шақырды.