02.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Агбонлахор Эдегорды сынға алды: «Көзбояушы. Өзі ештеңе істемейді»

Агбонлахор Эдегорды сынға алды: «Көзбояушы. Өзі ештеңе істемейді»

«Астон Вилланың» бұрынғы шабуылшысы Габриэль Агбонлахор Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ПСЖ-мен матчтан кейін «Арсенал» капитаны Мартин Эдегорға қатты сын айтты. Бұл туралы ол X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жазды.

Лондондық клуб өз алаңында париждіктерден 0:1 есебімен жеңілген болатын. Агбонлахор ойыннан әсер алмай, Эдегордың әрекетіне наразылығын білдірді.

«Эдегор – көзбояушы. Өзі ештеңе істемей тұрып, жанкүйерлерден көбірек қолдау неге сұрайды? Парижге барғанда сәттілік тілеймін, Арсенал», — деп жазды ол.

Матч барысында Эдегор өз жанкүйерлерін қолдауға үндеген болатын, алайда бұрынғы футболшы бұл қимылдың астарында шынайы көшбасшылық байқалмады деп есептейді. Жауапты қарымта ойын Парижде өтеді.