04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әсем Таңатар Азия чемпионатынан шығып қалды

Әсем Таңатар Азия чемпионатынан шығып қалды

Қазақстандық боксшы Әсем Таңатар 2025 жылы Бангкоктағы (Таиланд) бокстан әлем жастары арасындағы Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

U22 турнирінің 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалы үшін таласта Таңатардың қарсыласы қытайлық Ю Тянь болды. Кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ҚХР өкілі жеңіске ие болды. Сонымен бірге үшінші раундта Әсем нокдаунға түсті. Осылайша, Ю Тянь жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде еншілесе, Әсем Таңатар жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Әсем Таңатар 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанды.

Бангкоктағы 19 және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты 11 тамызға дейін жалғасады.