02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әнші Luina Қуат Хамитовтың нағыз мінезі туралы айтты

Әнші Luina Қуат Хамитовтың нағыз мінезі туралы айтты

SPORT+ мәліметі бойынша, қазақстандық әнші Luina аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов туралы өз пікірімен бөлісті.

Ол өте тік, әрдайым өз көзқарасы бар адам. Мен оны камерадан тыс, Инстаграмнан тыс білемін, ол өте тәрбиелі жігіт, мен ешқашан оның тарапынан өзіме немесе айналамыздағы адамдарға қатысты жағымсыз нәрсе көрген емеспін. Ол мен өте құрметтейтін нағыз қазақ жігіті!

Қуат Хамитов спорт саласындағы мемлекеттік саясатты сынауымен танымал — әсіресе жиі қазақстандық футбол туралы пікір білдіреді.