12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің жартылай финалында жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің жартылай финалында жеңілді

Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жасөспірімдер арасындағы жұптық сында Қазақстан теннисшісі Әмір Омарханов ресейлік серіктесі Егор Плешивцевпен бірге жартылай финалда жеңіліп қалды.

Олар финско-поляк жұбы — Оскар Паландиус пен Алан Важныға есе жіберді.

Алайда бұл нәтиже Омарханов үшін маңызды тарихи кезеңге айналды. 17 жастағы қазақстандық теннисші ITF рейтингінде бірден 10 сатыға көтеріліп, әлемнің 4-ракеткасы атанды. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Өткен маусымда Әмір Пекинде өткен J300 жеке турнирінің жеңімпазы атанып, үш бірдей беделді жұптық жарыста чемпион болды. Олардың ішінде жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирі де бар.