24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әмір Омарханов пен Григорий Ломакин – Қазақстан чемпионатының жартылай финалында

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әмір Омарханов пен Григорий Ломакин – Қазақстан чемпионатының жартылай финалында

Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан жазғы Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы жекелей сынының жартылай финалистері белгілі болды.

Өткен жылғы ел чемпионы Григорий Ломакин атағын қорғауды жалғастырып жатыр. Ширек финалда ол Артём Сидоровты 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Теміртау қаласының теннис мектебінің түлегі енді Тимур Мауленовпен кездеседі. Мауленов бұған дейін Дамир Дюсенгазинді 7:5, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Екінші жартылай финалда 17 жастағы Амир Омарханов пен Ислам Орынбасар кездеседі. Турнирдің екінші нөмірлі сеяны, ATP рейтингінің 911-орнында тұрған Омарханов ширек финалда Тимур Сауленкомен ойнап, небәрі жарты сағатта 6:0, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы – АҚШ-тың Алабама штатындағы William Carey University колледжінде оқитын және екі жыл қатарынан үздік теннисші атанған Ислам Орынбасар.

Beeline Janymda. Матчтарды тамашалап, қай жерде болсаңыз да эмоцияларыңызбен бөлісіңіз!

АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ.

Әр сағат сайын A`SU іш.

Lexus — Таңғажайыпты сезін.

Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның алтын өндіруші компаниясы «RG Gold».