13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлишер Ерғали Загребтегі әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлишер Ерғали Загребтегі әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Әлишер Ерғали (125 кг) алғашқы белдесуінде болгар спортшысы, Еуропа-2024-тің қола жүлдегері Ален Хубуловқа жол берді — 6:10.

Белдесу барысында Ерғали есеп айырмасын екі ұпайға дейін қысқартқанымен, аяққа өту кезінде кеткен қателік нәтижеге әсер етті.

Қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне тек Хубулов финалға шыққан жағдайда ғана қатыса алады.