17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әліби Ыдырыс Джозеф Моралестен жеңіліп қалды

Әліби Ыдырыс Джозеф Моралестен жеңіліп қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алиби Идрис (10-0) АҚШ-тың Чикаго қаласында (Иллинойс штаты) өткен UFC 319 турнирінде октагонға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол америкалық Джозеф Моралеспен (12-2) кездесіп, The Ultimate Fighter шоуының финалында күш сынасты. Бұл жарыстың жеңімпазы UFC-пен ресми келісімшартқа қол қояды. Бұған дейін ешбір қазақстандық спортшы аталмыш шоудың жеңімпазы болмаған.

Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді. Алайда екінші раундта Моралес ауырту тәсілін қолданып, сенсациялық жеңіске жетті. Айта кетейік, осы кездесудің басты фавориті ретінде Алиби Идрис аталған болатын.

Осылайша, Джозеф Моралес кәсіби мансабындағы 13-жеңісіне қол жеткізіп, UFC-пен келісімшартқа ие болды. Ал Алиби Идрис өзінің кәсіби MMA мансабындағы алғашқы жеңілісі тіркелді.