20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әліби Ідіріс UFC-пен келісімшартқа қол қойды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әліби Ідіріс UFC-пен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ідіріс UFC-пен төрт жекпе-жекке есептелген келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport Pulse aiqas.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

16 тамызда Лас-Вегаста өткен UFC 316 турнирінде Ідіріс «The Ultimate Fighter» шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген еді. Әдетте келісімшарт финалдағы жеңімпазға беріледі, алайда UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық файтердің стилін жоғары бағалап, оған келісім ұсынды.

Осылайша Әліби Ідіріс UFC-дегі жетінші қазақстандық спортшы атанды. Лигада бұған дейін Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан, Дияр Нұрғожай және Николай Веретенников өнер көрсетіп жүр.