22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлібек Тұрлығазы түрік балуанына есе жіберді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлібек Тұрлығазы түрік балуанына есе жіберді

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгілер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

67 келіде Қазақстан намысын қорғаған Әлібек Тұрлығазы түрік балуаны Абдуллах Кескінге 1:10 есебімен мерзімінен бұрын есе жіберді. Осы нәтиже бойынша ол медаль үшін тікелей бәйгеден шығып қалды.

Дегенмен, Кескін финалға өтсе, Тұрлығазы жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.