02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлібек Қасым әлем чемпионатының іріктеу матчына қатыспайды

Әлібек Қасым әлем чемпионатының іріктеу матчына қатыспайды

«Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым алдағы ойындарда ұлттық құрамаға көмектеспейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушы Әлібек Қасым Қазақстан құрамасы сапында алдағы ойындарға қатыспайтыны хабарланды.

«Ақтөбе» – «Қайрат» кездесуінде Қасым жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.

Осы себепті Әлібек оқу-жаттығу жиынына келмеді. Оның орнын кім басатыны жақын арада белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 5 маусым күні Минскіде Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізсе, 9 маусымда Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македониямен кездеседі.