28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әли Ахмедов 5 қыркүйекте шаршы алаңға шығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әли Ахмедов 5 қыркүйекте шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов 5 қыркүйек күні Ali Akhmedov Promotion турнирінің басты жекпе-жегінде танзаниялық Джозеф Майгвисиямен күш сынасады.

Майгвисия кәсіби рингте 18 жекпе-жек өткізіп, соның 14-інде жеңіске жеткен. Бұл қарсылас Ахмедов үшін тәжірибе жинауға және рейтингтік көрсеткіштерін жақсартуға жақсы мүмкіндік болмақ.

Айқас туралы толық ақпарат алдағы күндері жариялануы мүмкін. Ахмедовке сәттілік тілейміз!