19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әли Әлиев Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Әли Әлиев Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионатының қыркүйектегі іріктеу ойындарына 36 футболшыдан тұратын кеңейтілген тізімді жариялады.

Тізімге енгендер:

  • Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен, Александр Заруцкий, Бекхан Шайзада, Қажымұқан Төлепберген
  • Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Марат Быстров, Нұралы Әліп, Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров, Еркін Тапалов, Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек
  • Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Алмас Тюлюбай, Ғалымжан Кенжебек, Дәурен Жұмат, Серікжан Мұжықов, Исламбек Қуат, Дінмұхамед Караман, Георгий Жуков, Муроджон Халматов, Элхан Астанов, Дамир Қасабұлат
  • Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Максим Самородов, Айбар Жақсылықов, Дастан Сатпаев, Алияр Мұхамед, Иван Свиридов

Ойындарға дайындық 29 тамызда Астанада басталады — ұлттық құрама Уэльске қарсы үйде ойнайды, содан кейін Брюссельге Бельгиямен кездесуге аттанады.