03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әли Әлиев ұлттық құрамаға Дінмұмахмед Қараманның шақыртылу себебін түсіндірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әли Әлиев ұлттық құрамаға Дінмұмахмед Қараманның шақыртылу себебін түсіндірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы Уэльспен өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Жеңіс» клубының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараманның шақыртылу себебін түсіндірді.

«Біздің құрамға мұндай ойында диагональді пас бере алатын ойыншы қажет. Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасты. Ал Дінмұхамед Қараманның пастары өте жақсы. Сондықтан біз оны шақырдық. Ол мұндай матчтардың атмосферасын сезініп, өзін көрсетуі тиіс», – деді Әлиев.

Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді. Бұл ойын Қараман үшін ұлттық құраманың ресми кездесуінде алғаш рет алаңға шығуға мүмкіндік болмақ.