29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әли Әлиев маусым айындағы ойындарға Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

Әли Әлиев маусым айындағы ойындарға Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

ҚФФ мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы ойындарға 27 футболшының түпкілікті тізімін бекітті.

Команданың оқу-жаттығу жиыны мамыр айының соңында елордада басталады.

Кеңейтілген құрамға енгендер:

  • Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен, Александр Заруцкий, Стас Покатилов, Бекхан Шайзада
  • Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Марат Быстров, Нұралы Әліп, Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров, Еркін Тапалов, Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов
  • Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков, Серікжан Мұжықов, Ғалымжан Кенжебек, Дәурен Жұмат, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Муроджон Халматов
  • Шабуылшылар: Максим Самородов, Айбар Жақсылықов, Дастан Сатпаев, Алияр Мұхамед

Қазақстан құрамасы маусым айының басында Минскіде Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді, ал бірнеше күннен кейін команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македонияны Астанадағы өз алаңында қабылдайды.