20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлемнің бірінші ракеткасы Соболенко Берлиндегі турнирдің ширек финалына өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлемнің бірінші ракеткасы Соболенко Берлиндегі турнирдің ширек финалына өтті

WTA 500 санатындағы Берлин турнирінің екінші айналымында Беларусь теннисшісі Арина Соболенко швейцариялық Ребека Масаровадан (WTA №112) екі сетте басым түсті — 6:2, 7:6 (8:6).

Кездесу бір күн бұрын қауіпті шөп жабынына байланысты тоқтатылған болатын. Матч келесі күні жалғасты.

Соболенко бұл ойында 5 эйс жасап, 5 қос қате жіберді және 12 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Масарова 7 эйс жасағанымен, қарсыластың доп берісін қабылдауда тек бір мүмкіндікті ғана жүзеге асыра алды.

Келесі кезеңде Арина қазақстандық Елена Рыбакина мен чехиялық Катержина Синякова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Берлиндегі турнир 16–22 маусым аралығында өтуде. Аталған жарыстың қазіргі чемпионкасы — америкалық Джессика Пегула, ол 2024 жылғы финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген.