24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлемнің бірінші ракеткалары Уимблдон кортында ерекше жарыс өткізді

Әлемнің бірінші ракеткалары Уимблдон кортында ерекше жарыс өткізді

Wimbledon мәліметі бойынша, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер мен әйелдер рейтингінің көшбасшысы Арина Соболенко алдағы турнирге бірлесіп дайындық жүргізді.

Аңызға айналған корттарда жаттығу кезінде Италия мен Беларусь өкілдері теннис доптарына арналған түтікті нысанаға алып, ерекше дәлдік жарысын өткізді. Бұл бейресми бәсекеде Соболенко жеңіске жетті.

Шөпті корттардағы жылдың басты турнирі 30 маусымда басталады. Қазіргі чемпиондар — чехиялық теннисші Барбора Крейчикова мен испаниялық Карлос Алькарас. Синнер өткен жылы ширек финалға дейін жетіп, онда Даниил Медведевтен жеңілсе, Соболенко жарақатына байланысты турнирге қатыса алмады.