05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлемнің 361-ші ракеткасы Буассон Ролан Гаррос жартылай финалына шықты

Әлемнің 361-ші ракеткасы Буассон Ролан Гаррос жартылай финалына шықты

Әлемдік рейтингте 361-ші орында тұрған француз теннисшісі Лоис Буассон Ролан Гаррос корттарында сенсация жасады.

Ширек финалдық матчта wild card арқылы негізгі турнирге қатысқан Франция өкілі Мирра Андрееваны 7:6(6), 6:3 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Буассонға WTA рейтингінде айтарлықтай өсім әкеледі — теннисші кемінде 296 позицияға көтеріліп, әлемдік жіктеудің үздік 70-іне еніп, өз елінің бірінші ракеткасы атанады.