12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлем чемпионы Қызайбай өз көлігін арнайы қорғаныспен жаңартты

Әлем чемпионы Қызайбай өз көлігін арнайы қорғаныспен жаңартты

Қазақстандық боксшы Алуа Балкибекова әлеуметтік желілерде құрама командалас әріптесі — үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңартылған көлігін көрсетті.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны өз көлігін жақсартты — енді ол арнайы броньды үлдірмен қорғалған және хаки түсті күлгін элементтермен ерекшеленеді. Ерекше назар 001NAZ эксклюзивті мемлекеттік нөміріне аударылады.

«Уааай. Мына көлікті қараңыздаршы. Назым броньды үлдір жасатты. Керемет. Менің сүйікті түсім: хаки күлгінмен араласқан. Құттықтаймын», — деп әсерімен бөлісті Балкибекова.

Екі спортшы да жақында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті — Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алса, Балкибекова 50 келіге дейінгі санатта чемпион атанды.