23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан байдарка мен каноеде есуден кімдер қатысады

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан байдарка мен каноеде есуден кімдер қатысады

Португалияның Монтемор-у-Велью қаласында байдарка мен каноеде есуден 23-27 шілде аралығында жастар және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүниежүзілік додаға қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Олардың қатарында 23 жасқа дейінгілер арасында Дмитрий Холмогоров, Денис Кленин, Егор Краснонос, Бекарыс Раматулла, Дмитрий Людиков, Нұржан Муфтукулұлы, Әнуар Алмағамбетов, Вячеслав Салов, Стелла Суханова, Руфина Искакова, Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Мария Карманова, Полат Төребеков сынға түседі.

Ал жастар құрамасында Дінмұхаммед Шынқожаев, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Юрий Горбов, Эвелина Костенко және Малика Тұрсын ел намысын қорғайды.