27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлем чемпионаты: «Манчестер Сити» «Ювентус» қақпасына бес гол соқты

Әлем чемпионаты: «Манчестер Сити» «Ювентус» қақпасына бес гол соқты

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында G тобындағы үшінші тур ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» пен «Манчестер Сити» арасындағы ойын Орландодағы Camping World аренасында өтті.

G тобының көшбасшылары арасындағы кездесуде ағылшындық клуб сенімді жеңіске жетті.

Ювентус – Манчестер Сити 2:5 (1:2)

Гол соққандар: Доку 9 (0:1), Копмейнерс 11 (1:1), Калюлю  26 (1:2) автогол, Холанд 52 (1:3), Фоден 69 (1:4),  Савио 75 (1:5), Влахович 84 (2:5)