11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Әл-Наср» жолдастық матчта испаниялық клубтан жеңілді

«Әл-Наср» жолдастық матчта испаниялық клубтан жеңілді

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жолдастық кездесуде испаниялық «Альмериядан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Альмерияда өтіп, алаң иелері 3:2 есебімен жеңді. Альмерия сапындағы голдарды Серхио Аррибас (6-минут) пен Адриан Эмбарба (43-ші және 61-ші), ал Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында (17-минут және 39-шы, пенальтиден) дубль жасады.

Айта кетейік, Альмерия Испанияның екінші дивизионы – Сегундада өнер көрсетеді. Бұған дейін шетелдік БАҚ Криштиану Роналду Альмерияның ортақ иесі болуы мүмкін екенін жазған болатын.