28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әйелдер футболының жұлдызы Айтана Бонмати менингитпен ауруханаға түсті

Әйелдер футболының жұлдызы Айтана Бонмати менингитпен ауруханаға түсті

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонматиге вирустық менингит диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылды — деп хабарлайды Испания футбол федерациясының баспасөз қызметі.

27 жастағы футболшы Леганеста өткен Жапониямен жолдастық кездесуді өткізіп алды — ол ойынды Мадридтегі аурухана палатасынан тамашалады.

«Менингит туралы айту қорқынышты болуы мүмкін, бірақ жағдай бақылауда. Ол біз үшін өте маңызды ойыншы. Біз оны қанша керек болса, сонша күтеміз», — деді Испания құрамасының бас бапкері Монтсе Томе.

«Алтын доптың» екі дүркін иегерінің Еуро-2025-тің Португалиямен алғашқы ойынына қатысуы күмәнді. Бонмати ұлттық құраманың негізгі ойыншысы — оның еншісінде құрама сапында өткізген 78 ойында соққан 30 гол бар.

  • 2023 жылғы әлем чемпионы
  • 2024 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы
  • ФИФА нұсқасы бойынша 2023 және 2024 жылдардың үздік футболшысы