04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ӘЧ-2026 билеттерінің бағасы жарияланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ӘЧ-2026 билеттерінің бағасы жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына билеттердің құны белгілі болды. Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) таратқан мәліметке сәйкес, турнирге кіру құны 60 АҚШ долларынан басталып, ең қымбат билеттер 6730 долларға дейін жетеді.

Дүниежүзілік дода 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Бұл – тарихтағы алғашқы үш елде қатар ұйымдастырылатын мундиаль болмақ.

Әзірге 48 құраманың ішінде 13 құрама финалдық кезеңге жолдама алып үлгерді. Іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы да бақ сынауда.