06.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әбдіхалық Бөрібаев «Тұран» клубы бас бапкері қызметінен кетті

Әбдіхалық Бөрібаев «Тұран» клубы бас бапкері қызметінен кетті

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған шешім түркістандық клубтың кейінгі турлардағы сүреңсіз нәтижесіне байланысты қабылданып отыр. Осыған орай клубта бапкерлік штабта өзгерістер жасалды. Оның көмекшісі Артур Авакянц та бапкерлер құрамынан кетті.

Әбдіхалық Бөрібаев бас бапкер қызметіне 25 маусымда тағайындалған еді.

Оның басшылығымен команда алты ойын өткізіп, барлығында жеңілістің ащы дәмін татты. Енді олар 9 маусымда сырт алаңда «Атырау» командасымен кездеседі. Қазір түркістандық клуб турнир кестесінде 11 ұпаймен 13-орынды місе тұтып тұр.

Әбдіхалық Бөрібаев 1969 жылы дүниеге келген. Ол бұдан бұрын да командада бас бапкер қызметін атқарды. Түркістандық клубты екінші лигадан Премьер-лигаға дейін алып шықты. Төрт жылдай бұрын денсаулық жағдайына байланысты командадан кетті.

Айта кетсек, биыл «Тұранда» қаржы мәселесіне байланысты бас бапкер Виталий Жуковский мен шетелдік футболшылар өзге клубтарға ауысты.

facebook sharing button