05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әділет Барменқұловқа қаржы жымқыру ісі бойынша тексеру жүргізілуде

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа қатысты қаржы жымқыру ісі бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BasSport.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігі ҚФФ-ның экс-басшысына және ұйымның бірнеше бұрынғы қызметкеріне қатысты тергеу амалдары мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әзірге аталған ведомстводан ресми мәлімдеме түскен жоқ.