Оқу уақыты: 1 мин

Әділ Бекетаев: Бізде Әлем чемпионатында күрделі топ, бірақ плей-офф кезеңіне өткіміз келеді

Әділ Бекетаев: Бізде Әлем чемпионатында күрделі топ, бірақ плей-офф кезеңіне өткіміз келеді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділ Бекетаев Sport+ эфирінде мамыр айында Данияда өтетін Әлем чемпионатына команда алдындағы мақсаттарды атап өтті.

«Минималды міндет — элита құрамында қалу. Бірақ біз төрт жылдан бері жоғары дивизиондамыз, енді аз-аздан алға жылжу керек сияқты. Бізде сәтті өткен чемпионаттар болды — мысалы, Ригада плей-оффқа өте жаздадық, ал Финляндияда тек итальяндарды ғана жеңе алдық. Өткен жылы Остравада да қызықты турнир болды. Биыл біз өте күрделі топқа түстік, дегенмен плей-оффқа өткіміз келеді. Бұл туралы айту қиын, бірақ максимум міндет ретінде оны қоюға болады. Қазір құрамамыз тәжірибелі, жасы үлкен ойыншылар көп жиналды, сондықтан бар күшімізді салып, мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», — деді Бекетаев.