26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Adidas Mercedes-тің аңызға айналған болидіне арнап киім топтамасын шығарды

Adidas Mercedes-тің аңызға айналған болидіне арнап киім топтамасын шығарды

adidas.com мәліметінше, спорттық киім брендi Mercedes-AMG Petronas F1 Team командасына арналған жаңа топтаманы ұсынды.

Silver Arrows топтамасы — Хуан Мануэль Фанхио мен Сэр Стирлинг Мосс жүргізген аңызға айналған Mercedes-Benz W196 болидіне құрмет. Топтама дизайны команданың 1955 жылғы чемпиондық атағының 70 жылдығына арналған.

Топтамаға мыналар кірді:
* Капюшоны бар толстовка
* Флис күртке
* Свитшот
* Футболка
* Кепка

Барлық бұйымдар күміс түсті элементтермен және adidas логотипімен безендірілген — болидтің атақты күміс ливреясына сілтеме. Толстовканың астары W196 орындықтарының қаптамасын қайталайтын тартан өрнегімен жасалған.

«Сильверстоун — ең қызықты жарыстар өткен аңызға айналған трасса. Бұл — Mercedes-Benz W196 шабыт берген топтаманы іске қосу үшін тамаша орын», — деді adidas автоспорт бағытының бас менеджері Майкл Батц.

«Біздің жанкүйерлер Сильверстоунның команда үшін маңыздылығын түсінеді. Бұл — Формула-1 тарихында көптеген құнды сәттер сыйлаған біздің үйіміздегі кезең», — деп қосты Mercedes-AMG Petronas F1 Team коммерциялық директоры Ричард Сандерс.

Топтама қазірдің өзінде adidas.com/motorsport ресми сайтында және брендтің әлем бойынша таңдаулы дүкендерінде қолжетімді.