22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Адейемидің голы «Боруссияға» жеңіс сыйлады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Адейемидің голы «Боруссияға» жеңіс сыйлады

Бундеслиганың 4-турында дортмундтық «Боруссия» өз алаңында «Вольфсбургті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Жалғыз голды Карим Адейеми 20-минутта соғып, командасына үш ұпай алып берді. Қалған уақытта есеп өзгермеді.

Бұл жеңістен кейін «Боруссия» 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Вольфсбург» бес ұпаймен 12-сатыда қалды.

Келесі турда дортмундтықтар 27 қыркүйекте сырт алаңда «Майнцқа» қарсы ойнайды. «Вольфсбург» өз алаңында «РБ Лейпцикті» қабылдайды.