21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абылайхан Жүсіпов бокстан Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Абылайхан Жүсіпов бокстан Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық бәсекелер жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан басты фаворит Абылайхан Жүсіпов сенімді түрде ақтық сынға жолдама алды. Ол жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбек Мурсалмен кездесіп, 3 раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

«Төрт жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып жатырмын. Көптеген қарсыластарыммен алғаш рет жұдырықтасып жатырмын. Өз салмағымда талантты жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бұйырса, Нұрбек Мурсал секілді жігіттермен ұлттық құрамада бірге жаттығамыз деген сенімдемін. Енді финалдағы қарсыласыма тыңғылықты дайындаламын», — деді Абылайхан Жүсіпов жекпе-жектен кейін.

Финалда ол Алматы қаласының өкілі Фарух Тоқтасынов пен Түркістан облысынан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.