13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абужакынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Абужакынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Olympic.kz хабарлауынша, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Абужакынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

48 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда қазақстандық спортшы әлем чемпионаттарының жүлдегері жапониялық Вакана Когимен белдесті. Белдесу барысында ұпай санында артта қалғанына қарамастан, Абужакынова қарсыласы үш ескерту алғаннан кейін жеңіске жетті.

Турнирдің ерлер бөлімінде 60 келі салмақта Мағжан Шамшадин ширек финалда Жапонияның екі дүркін олимпиада жүлдегері Рюдзю Нагаямадан жеңілді. Енді қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуіне қатысады — онда жеңіске жетсе қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алады.