14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абиба Абужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Абиба Абужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында қыздар арасында 48 келі салмақтың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Абиба Абужақынова финалда рейтингте бірінші орында тұрған италиялық Ассунто Скуттодан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, ол осы чемпионатта тарихи жетістікке қол жеткізген еді. Бұған дейін Қазақстан тарихында дзюдошы қыздар әлем чемпионатының финалына дейін жетпеген.

Еске сала кетейік, Абиба Абужақынова әлемнің екі дүркін қола жүлдегері болған.