19.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әбибә Әбужақынова рейтингте ТОП-5 ке енді

IMG 7030

2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы қазақстандық Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді.

 

48 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жаңартылды. Әлемдік рейтингтің көшін моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бааувдорж бастап тұр. Екінші орында Италия  өкілі Скута Асунто, ал үшінші орында жапониялық Нацуми Цинода тұр.

 

Әбиба төртінші орында, ал үздік бестікті франциялық Ширин Букли қорытындылайды.