Оқу уақыты: 1 мин

Абиба Абужақынова Душанбе Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Абиба Абужақынова Душанбе Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен Grand Slam турнирінде 48 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде отандасымыз Өзбекстан спортшысы Улбусин Хакимовадан басым түсті. Бұл Абужақынованың халықаралық ареналардағы тұрақты өнер көрсетіп жүргенін тағы бір мәрте дәлелдеді.