Оқу уақыты: 1 мин

Әбиба Әбужақынова чемпион атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әбиба Әбужақынова чемпион атанды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Аустрияның Оберварт қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды.

Отандасымыз финалда жапон спортшысы Сачиё Йошиноны 10:1 есебімен айқын жеңді.

Әбиба биыл Португалияда өткен Гран-приде де алтын жүлде жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол халықаралық ареналарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап, бірқатар турнирлерде жүлделі орындарға ие болып жүр.