Оқу уақыты: 1 мин

Абиба Әбужақынова Австриядағы Гран-при турнирінің финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Абиба Әбужақынова Австриядағы Гран-при турнирінің финалына шықты

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz порталы.

1/2 финалдық кездесуде Әбужақынова нидерландтық Эмбер Герсджесті айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы беделді жарыстың финалына жолдама алды.

Шешуші кездесуде Әбужақынованың қарсыласы жапондық Сачиё Ёшино болмақ.

Жерлесімізге финалда сәттілік тілейміз!